БҚО-да телекоммуникация желісі түгелдей цифрландырылды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Өткен жылдың соңында Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы өңірдегі байланыс желісін цифрландыру жұмысын толықтай аяқтады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік бөлімшесінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақтелеком» АҚ БҚО филиалының директоры Болатбек Қанафин мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, батысқазақстандық филиал ауылдық және қалалық телекоммуникация желісін елімізде сегізінші болып түгелдей цифрландырып отыр. Бұл стансалардың қызмет ету мерзімін ұзартып, жүктемелік қабілетін арттырып, жоғары сенімділігін және желілердің жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Заманауи цифрлық жабдыққа көшіру кезеңінде 104 мыңнан астам абонент қайтадан қосылды. Соңғылар қатарында мұндай жұмыстар Қазталов ауданының Көктерек, Зеленовтың Белес, Жаңақаланың Бірлік ауылдарында жүргізілді. Сондай-ақ аймақтық тасымалдау желісі де 100 пайызға цифрландырылды.
Орал және Ақсай қалаларында Индустрияландыру картасына енгізілген «Қазақтелеком» АҚ FTTH желілері құрылысы» стратегиялық жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Облыс орталығында көп қабатты үйлерді FTTH кеңейтілген желісіне енгізу ісі аяқталып келеді, 2011-2015 жылдары осы желіге 1075 ғимарат қосылды.
Биылғы жыл басында кең жолақты 4G (LTE) мобильдік желісіне Орал мен Ақсай қалалары, жеті ауылдық елді мекен қосылды. «Алтел» АҚ-ның 79 базалық стансасы орнатылды. Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы бір SIM-картада қалалық және мобильді нөмірді, оған қоса жоғары жылдамдықтағы ғаламторды біріктіретін «Әмбебап нөмір» бірыңғай қызмет түрін енгізді. Соның нәтижесінде пайдаланушылар саны бір жыл ішінде 4 есе дерлік өсті.
Облыста 446 ауылдық елді мекен болса, соның 99,3 пайызы, емдеу-алдын алу мекемелерінің 92 пайызы, білім беру нысандарының 99,1 пайызы телефондандырылды. Жыл басында белгіленген желілердегі нөмірлер саны 155 мыңнан асса, кең жолақты ғаламторға 45 мыңнан астам абонент, соның ішінде ауылдағы EVDO радиоқатынау технологиясы базасында 2500-ден астам нөмір қосылды. Ал iD Net қызметін 15500-ден астам абонент пайдаланады, өсім - 28 пайыз. Биылғы жыл басындағы мәлімет бойынша теледидар қызметіне 12,5 мыңнан астам нүкте қосылды. 2015 жылы iD Net абоненттерінің саны 2 есеге артты.
Тағы бір жаңалық, «Қазақтелеком» АҚ өткен жылы жаңартылған telecom.kz порталын іске қосты. Байланыс қызметі үшін төлемақы карталары арқылы порталда комиссиясыз төлеуге болады.
«Биылғы жылы да Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы абоненттердің барлық сұранысын қанағаттандырумен бірге қызмет сапасын арттыра отырып, жаңа түрлерін енгізуді, FTTH желілері мен интерактивті теледидар нарығын одан әрі дамытуды көздейді», - деді Б.Қанафин.
null null null

Соңғы жаңалықтар