00:38, 24 Ақпан 2023 | GMT +5
БҚО-да тікұшақ апатынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, аталмыш оқиғадан 1961 және 1987 жылғы ер адамдар жарақат алды.
«Алдын ала мәлімет бойынша екеуі де бас пен мидың жабық жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса бас төбесі соғылған. Екеуі де қалалық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақты», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адамның мерт болғанын жазған едік.