19:11, 23 Ақпан 2023 | GMT +5
БҚО-да тікұшақтың апатты жағдайда қонуы: Зардап шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында шұғыл қонған тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін БҚО-да «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.
Азаматтық авиация комитетінен нақтылап өткендей, Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта болған. Сағат 15:50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару»АҚ-ның Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.
«Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар бар. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жіберілді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізетін болады», - делінген комитет хабарламасында.