БҚО-да тоғыз айда 1191,3 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, осының дені кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұнда 1098,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 3,9 пайызға өсті. Атап айтқанда, табиғи газ өндіру 10,6, газ конденсаты 2,6 пайызға көбейді.
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінде 70,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, бұл өткен жылғымен салыстырғанда, мұнай өнімдерін өндіру 41,2 пайызға, машина жасау 21,7 пайызға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 13,8 пайызға, тоқыма бұйымдарын өндіру 13,0 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 11,0 пайызға кемуі әсерінен 14,0 пайызға азайды. Есесіне дайын металл бұйымдарын өндіру 1,6 есеге, металлургия өнеркәсібі 1,3 есеге, киім, сусындар 1,1 есеге,тамақ өнімдерін өндіру 9,7 пайызға өсті.