12:53, 03 Қыркүйек 2021 | GMT +5
БҚО-да ток соққан 36 жастағы ер адам мерт болды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ток соққан 36 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні кешкісін Тасқала ауданы Достық ауылында болды.
Сағат 21.00-де құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өз үйінің ауласында 1985 жылғы ер адамды электр тогы соққан.
Марқұм оқиға орнында көз жұмды.
Ер адамның мүрдесі Орал қаласына сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Аталмыш дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелді.
БҚО полиция департаменті электр құралдарын пайдалану кезінде абай болу керектігін еске салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 11 адамның малын ұрлап, 3 млн астам теңге залал келтірген топтың құрықталғанын жазған болатынбыз.