БҚО-да тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға қатысты жедел алдын алу шаралары жүргізілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО аумағында тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға қатысты «Қысқы карта» атты жедел алдын алу шаралары жүргізілді.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, шара барысында осындай адамдардың қатысуымен жасалған 13 қылмыс ашылды. Мәселен В. деген азамат тек «Малиновый сад» саяжай қоғамында алты ұрлық жасаған.

Алты күн ішінде қаңғыбастыққа салынған 245 адам ұсталып, 17-сі аты-жөнін анықтау үшін арнайы мекемелерге жатқызылды. Қаңғыбастардың жүріп-тұратын, қонатын 55 орны, 43 тобы анықталды. Жеті жасөспірім уақытша бейімделу орталығына орналастырылды.

Барлығы 1126 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Елде болу ережесін бұзған 100 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 ТМД азаматы елден шығарылды.

Соңғы жаңалықтар