БҚО-да тұрғын мас күйінде «полицей көлігін» ұрлап кеткен

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын мас күйінде «полицей көлігін» ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 қыркүйек күні Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолы бойында болды.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында орнатылған патрульдік автокөлік макеті бір түнде жоқ болып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2 сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 1981 жылғы ұры анықталып, ұсталды.

Ұрының макетті мас күйінде жымқырғаны белгілі болды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ осындай әрекетке мас күйінде барғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 3 жасар қыздың бесінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздағанын, оны полиция қызметкері құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар