БҚО-да тұрғындардың 92,3 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы халқының 92,3 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың сөзіне қарағанда, соның ішінде ауыл тұрғындарының 84 пайызы «көгілдір отынды» тұтынады. 2015 жылы 16,4 мың адам мекен ететін 27 ауылға газ құбыры тартылды.

Өңірде өткен жылдың соңғы айларында сұйытылған газбен қамтуда іркілістер орын алғаны мәлім. Мұның мәнісі мынада. Сұйытылған газ 2015 жылы БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасында газбен жабдықталған 3454 автокөліктің тіркелгені жөніндегі анықтамаға сәйкес қыста 800 және жазда 1 мыңнан астам тонна көлемінде босатылып келді. Алайда бұл көлем жетпей қалып, газ құю стансаларында кезек қалыптасты. Мониторинг көрсеткеніндей, орта есеппен алғанда, 10 газ құю стансасының екеуінде ғана газ жабдығының әкімшілік полициясы басқармасында тіркелгені жөнінде куәлігі болған. ҚР Энергетика министрлігінің қолдауы арқасында биылғы қаңтарда облысқа 2 мың тонна сұйытылған газ бөлініп отыр.

Айта кетейік, қазіргі кезде қызметтік автокөлікті газ жабдығымен жұмыс істеуге көшіру мәселесі пысықталуда. Бұл қаржыны үнемдеуге, болашақта муниципальдық қоғамдық көлікті де газға аударуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар