19:24, 07 Желтоқсан 2023 | GMT +5
БҚО-да үлескерлерден заңсыз қаржы тартқан 24 құрылыс компаниясы анықталды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласының прокуратурасы жеке құрылыс салушылардың қызметін талдау барысында бірыңғай оператормен шарт жасаспай үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан 24 құрылыс салушыны анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 10 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (қалғандары қаралу сатысында). Олардың ішінде, «Строй Техно Групп», «СВС Батыс», «АТМ Group Kazakhstan», «Бизнес План», «Сапар Строй Азия», «КМТ-Сити Строй», «Alim Construction LTD», «АТЖ2» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар", - деп жазды бақылаушы органнан.
Ақпаратта айтылғандай, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.