БҚО-да велосипед мінген адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында велосипед мінген адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да велосипед мінген адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 4 тамыз күні сағат 03.55 шамасында белгісіз біреу автокөлігімен Самара-Шымкент жолының 268-шақырымында велосипедпен бара жатқан Е-ны қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған болатын.

Жол апаты салдарынан Е. деген азамат жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

27 қараша күні жергілікті полиция қызметі мен криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысқа күдікті ретінде 1997 жылғы А-ны анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. 

Айта кетейік, жыл басынан бері кісі өліміне соқтырған 4 жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші бой тасалаған. Олардың бәрі де анықталып, жауапқа тартылды.