БҚО-да заңдастыру кезінде тағы екі көліктің іздеуде жүргені анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында заңдастыру кезінде тағы екі көліктің іздеуде жүргені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да заңдастыру кезінде тағы екі көліктің іздеуде жүргені анықталды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 15 ақпан күні тұрғындар «Тойота Камри» және «Форд Фиеста» көліктерін заңдастырмақ болған.

Алайда аталған екі көлікті бірі Ресейде, екіншісі Беларусь елінде іздестірілуде екендігі белгілі болды.

«Сақталу қолхаты алынып, машиналар иелеріне қалдырылды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, көрінеу жалған құжатты пайдалану) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады ведомстводан.

Күні бүгінге дейін облыста 2802 автокөлік заңдастырылса, соның 2347-сі немесе басым бөлігі Ресейден әкелінген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғынның іздестірілуде жүрген автокөлікті заңдастырмақ болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Оралда жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды.