10:35, 05 Қазан 2012 | GMT +5
БҚО-да заңсыз жұмыс жасап жүрген өзбек азаматтары ел аумағынан шығарылды
ОРАЛ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданында жалдамалы жұмыс жасап, нәпақасын айырып жүрген бес өзбек азаматы ұсталды.

Оның екеуі соттың шешімі бойынша Қазақстан аумағынан шығарылды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, екеудің біреуі 2 қыркүйекте ғана кәмелетке толған, екіншісі 46 жастағы әйел. Олардың көші-қон карточкасындағы келу мақсатымен еңбек етіп жүргені сәйкес келмейді.
Сот барысында Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында екеуі бұрын құқықбұзушылықпен үш күнге қамалғаны да белгілі болды.
Сот алдында құқықбұзушылар кінәларын мойындап, істеген істері үшін өкінетінін айтқан.