18:20, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
БҚО-да жалпы аймақтық өнім көлемі 1,850 трлн. теңгеге жетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бірінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы аймақтық өнім көлемі 2010 жылғы 1 трлн. теңгеден 2014 жылы 1,850 трлн. теңгеге дейін өсті.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің айтуынша, осы кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі екі есеге артып, 2010 жылғы 990 млрд. теңгеден 2014 жылы 1834 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу саласында өндірілген өнім көлемі 2010 жылы 83 млрд. теңге, 2014 жылы 138 млрд. теңге болды. Өткен жылдың он бір айы ішінде облыстың сыртқы сауда айналымы 10 млрд. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда айналымының 90 пайызы экспортқа бағытталған. Кедендік одақ бойынша сауда айналымы 700 миллион долларды құрады. Соңғы жылдары экспорт 29 пайызға өссе, импорт 9 пайызға төмендеп отыр.