БҚО-да жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Облавка ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның құны 160 млн теңгені құрайды. 

БҚО-да жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Фото: Бөрлі ауданды әкімдігінің баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші – Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айында басталды. Аталған медициналық пукттің мердігері – «Уральскстройинвест» ЖШС.

медпункт
Фото: Бөрлі ауданды әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін медициналық пункт өткен ғасырдың ортасында салынған ғимаратта орналасқан болатын. Қазіргі жаңа ғимараттың ауданы – 155 ш.м.

Ғимаратта дәрігерге дейінгі, процедуралық, физиотерапиялық кабинеттер, медбикенің қабылдау бөлмесі және техникалық үй-жайлар бар. Медициналық пункт өз деңгейіне қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Штатта медбике, техникалық қызметкер, күзетші және екі қазандық операторы бар. 

медпункт
Фото: Бөрлі ауданды әкімдігінің баспасөз қызметі

Медбике Гүлнар Темергалиеваның жалпы еңбек өтілі 39 жыл болса, оның 35 жылын Облавкада жұмыс істеген.

– Ауылымызда ересек тұрғындар саны 228 адамды құрайды. Бір жасқа дейінгі 2 бала, 14 жасқа дейінгі 48 бала бар. Қазіргі уақытта есепте тұрған жүкті әйелдер жоқ. Медициналық пунктте біз қабылдауларды, тексерулерді және функционалдық міндеттерімізге кіретін процедураларды жүргіземіз, - деп бөлісті Гүлнар Темергалиева.

Бөрлі ауданды
Фото: Бөрлі ауданды әкімдігінің баспасөз қызметі

Ашылу салтанатында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Мұқтар Нұрмақов сөз сөйледі.

– Ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен және көптен күткен оқиға – жаңа медициналық пункттің пайдалануға берілуімен құттықтаймын. Жаңа нысан тұрғындар игілігіне жұмыс істесін. Баршамызға бақыт, сәттілік және аспанымыз тыныш болсын, - деді аудан басшысының орынбасары.

Бөрлі
Фото: Бөрлі ауданды әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөрлі
Фото: Бөрлі ауданды әкімдігінің баспасөз қызметі

Облавка ауылы тұрғындары атынан Мейрам Татаев сөз сөйлеп, заманауи аппараттармен жабдықталған жаңа ғимарат үшін ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар