БҚО-да жаңадан бес жоба мақұлданды

ОРАЛ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттары бойынша жаңа бес жоба мақұлданды.
None
None

«Казармапром» ЖШС жаңа цех құрылысын бастап, жабдықтар мен автокөлік алмақшы. Мұнда қосымша 17 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Жүк тасымалдаумен айналысатын «Амандыкова Г.А.» ЖК мемлекеттің қолдауымен автокөлікке қол жеткізбекші. «Белес-Агро» ЖШС диірмен жабдығы мен диірмен кешені құрылысы бойынша қарызын ретке келтірмек. «QHSE-Akbarуs» ЖШС сұйық азот өндірісі мен оны сақтауға қажетті жабдық алмақшы. «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС полиэтиленді тұрбалар өндірісі үшін тұрбалық желі мен жабдықтар алу үшін айналым қаржысын толықтырмақшы.

Аталған жобалар қолдау тауып, демеуқаржы бөлу келісімшартын жасау үшін «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға жіберілді.

Бағдарлама жүзеге аса бастағаннан бері өңірде 20 млрд. астам теңгенің 144 жобасы мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар