БҚО-да жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы шенеунік көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы шенеуніктің қайтыс болғаны жөнінде әлеуметтік желіде мәлімет тарады.

а
Фото: ІІМ

Онда марқұмның 16 наурызда дүниеден өткені, бейсенбі күні жерленетіні айтылған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметті растады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 16 жастағы қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да бұрынғы шенеуніктің 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланды.

Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

Соңғы жаңалықтар