БҚО-да жастарды жұмысқа орналастыру бағытында «Сәтті қадам» жобасы қолға алынды

ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту бағытында «Сәтті қадам» жобасы қолға алынды.
None
None
«Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының атқарушы хатшысы Дархан Қадырәлиевтің айтуынша, жоба ЖОО түлектеріне Қазақстанның жетекші мекеме-ұйымдарында еңбек жолын бастауға, кәсіби біліктілігін арттырып, алған мамандықтарын ұштауға септесуді көздейді. Тәжірибеден өткеннен кейін жобаға қатысушылар тұрақты еңбек орнын таба алады. «Жас Отан» жастар қанаты тәуелсіз сарапшылармен бірге үміткерлерді іріктеуден бастап құжат түзу, қорытынды ұсынбалар беру барысын жүзеге асырады. Үміткерлердің жақсы білім нәтижелерін көрсетіп қана қоймай, ЖОО-ның, облыстың қоғамдық өміріне қатысуы аса маңызды. Олимпиада, түрлі байқау, зияткерлік жарыстарынан алған диплом, сертификаттары да ескеріледі. «Елбасы өз Жолдауларында, сөздерінде жастар, оларды жұмысқа орналастыру мәселелерін үнемі назардан тыс қалдырмайды. «Сәтті қадам» жобасы да осы мәселені шешуді мақсат етеді», дейді Д.Қадырәлиев. Сыннан өткен алғашқы үміткерлер 20 қарашада-ақ өз міндеттеріне кірісе алады.
Соңғы жаңалықтар