БҚО-да Жайық деңгейі Тайпақ гидробекетінде 8 метрден асты

су тасқыны
Фото: Ғайсағали Сейтақ

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ гидробекетінде 805 сантиметрге жетті.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 3 мамыр күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша аталған ауылда су деңгейі бір тәулікте 55 сантиметрге жоғарылады.

Есесіне өзен бойындағы басқа гидробекеттерде су деңгейі түсіп жатыр. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 6 (814 см, қауіпті шегі - 1 250 см), Орал қаласында 7 (806 см, 850 см), Көшімде 4 (823 см, 850 см) сантиметрге төмендеді.

Көшім каналында су деңгейі 813 (-3, қауіпті шегі - 800 см) сантиметрді көрсетті.

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин Жайық суы сай-саланы толтырып жатқанын, жалпы жағдайдың қалыпты екендігін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда су басқан жолдар қалай қалпына келтіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram