БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақ гидробекетінде тұрақтады

өзен
Фото: Ғайсағали Сейтақ

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақ гидробекетінде 946 сантиметр болды.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 8 мамыр күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, су деңгейі бір тәулікте небәрі 4 сантиметрге көтерілді.

Соның ішінде сағат 00.00-де 946 сантиметрді көрсеткен еді, яғни содан бері су деңгейі өзгерген жоқ.

Жайық өзеніндегі су деңгейі соңғы тәулікте Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 7 (783 см), Орал қаласындағы гидробекетте 5 (779 см), Көшімде 6 (800 см) сантиметрге төмендеді.

Сондай-ақ Бәйтерек ауданы Көшім каналында да су деңгейі 2 (750 см) сантиметрге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайықтағы су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында 940 сантиметрден асқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар