00:20, 03 Қаңтар 2016 | GMT +5
БҚО-да жел күшейіп, боран соғады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 қаңтардан 3-іне қараған түні және жексенбі күні боран соғып, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Орал қаласында да осындай ауа райы орнығып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал. Осыған орай БҚО ТЖ департаменті облыс көлемінде ескеру жариялады. Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар алынуда.
Айта кетейік, өңірде жаңа жыл басталғалы бері күн аяздатып тұр.