БҚО-да жел күшейіп, бұрқасын соқпақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес 6 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Орал қаласында да қар жауып, бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеймек.

Осыған орай БҚО ТЖ департаменті  ескерту жариялады. Облыста төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті күш-құралдар дайындыққа келтірілді. Тұрғындар арасында оқыс оқиғаға жол бермеу, өмірлік маңызы бар нысандардың, электр желілері мен байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шаралар қолға алынуда.

Соңғы жаңалықтар