БҚО-да «Жемқорлыққа жол жоқ!» шарасы басталды

ОРАЛ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 29 сәуір күні «Жемқорлыққа жол жоқ!» шарасы басталды.
None
None

Оны «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Алдағы мамыр айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі плакаттар мен «Үздік партиялық бақылау бекеті» ашық байқауы және басқа шаралар өткізілмек.

Аталмыш департамент бастығының орынбасары, полковник Нұрлан Жалмағамбетовтің сөзіне қарағанда, өңірде биыл сыбайлас жемқорлықпен байланысты 40 қылмыстық іс тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылғыдан едәуір өсіп отыр. Сондықтан мұны болдырмау, алдын алу бағытындағы жұмыстарға азаматтар да белсенді қатысуы керек.

Соңғы жаңалықтар