БҚО-да жеті бірдей сумен қамту нысанын іске қосуға 967,1 млн. теңге қарастырылып отыр

ОРАЛ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл жеті бірдей сумен қамту нысанын іске қосуға республикалық бюджеттен 967,1 млн. теңге қарастырылып отыр.
None
None

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, жеті ауылды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасады. Атап айтқанда, Тасқала ауданының Тасқала, Оян, Қазталовтың Болашақ, Бөкей ордасының Жиекқұм, Бөрлінің Пугачев, Аралтал, Шыңғырлаудың Шыңғырлау ауылдары таза судың игілігін көрмек.

Соңғы жаңалықтар