БҚО-да ЖҚТБ-мен күрес айлығы өткізілуде

АЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 10 қарашадан бастап ЖҚТБ-мен күрес айлығы өткізілуде.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменовтің хабарлағанындай, сарапшылар пікірі бойынша дүние жүзінде 40 миллиондай адам АҚТҚ-ны жұқтырған болып есептеледі. Ширек ғасыр ішінде 25 млн. адам ғасыр дертінен опат болды. Әр минут сайын әлемде 10 адам АҚТҚ-ны жұқтырады. Қазақстанда мұндайлар саны 17 мыңнан асады.

БҚО-да 1996 жылдан бері індетке шалдыққан 386 адам анықталса, соның 26-сы - ЖҚТБ-ны жұқтырғандар. Осы кеселден 20 батысқазақстандық ажал құшқан. Жыл сайын 30-35 адам ВИЧ жұқпасының тырнағына іліксе, соның 63,7 пайызы есікткіні қолдану, 28,8 пайызы жыныстық қатынас арқылы осыған тап болады. Өкінішке қарай, осы аурудан құтқаратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Сондықтан бұның таралмауы адамдардың, әсіресе, жастардың өздеріне байланысты. Осы мақсатта айлық барысында оқу орындарында, тұрғындар арасында түрлі шаралар ұйымдастырылатын болады. Бұған меншік түріне қарамастан барлық мекеме-ұйымдар атсалысуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар