18:21, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
БҚО-да ЖҚТБ-мен күрес күніне орай шаралар өткізілуде
ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ЖҚТБ-мен күрес күніне орай шаралар өткізілуде.

«БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және «Ашық қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қолдаймыз! Қорғаймыз! Сақтаймыз!» атты кеше басталған шара ертеңге дейін жалғаспақ. Шара барысында қаладағы оқу орындарында семинар-тренингтер, «Орал» ойын-сауық орталығында флеш-моб ұйымдастырылып отыр. Тұрғындарға, әсіресе, жастарға ғасыр дерті туралы мағлұматтар беріліп, сұрақтарына жауап қайтарылады.
«ЖҚТБ-ға жол жоқ!» ұранымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты шара Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте де өткізілді. 8-11 сынып оқушылары қатысқан шарада аталмыш тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнефильм көрсетілді. Оқушыларға кітапшалар таратылып, олардың өздері де нашақорлық жөнінде өз ойларын айтты.