12:11, 28 Қараша 2015 | GMT +5
БҚО-да жол апатынан бір адам қайтыс болып, екеуі ауруханаға түсті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 27 қараша күні сағат 08.00-де Самара-Шымкент жолының 323-шақырымында Сырым ауданының Тоғанас ауылынан 15 шақырым жерде «Honda CR-V» автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінде үш әйелді қағып кеткен.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апаты салдарынан 1956 жылғы әйел оқиға орнында көз жұмды. 1960 және 1974 жылғы екі әйел түрлі жарақатпен Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес (жол қозғалысы және көлік құралын пайдалану ережесін бұзу) тергеу амалдары жүргізілуде.