00:02, 17 Желтоқсан 2014 | GMT +5
БҚО-да жол апатынан төрт бірдей әйел адам көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше таңертең Зеленов ауданы Махамбет пен Горбунов ауылдарының арасында Орал-Самара күре жолының бойында «Тойота Прадо» мен «ВАЗ-2114» автокөліктері түйіскен.
Олардың біреуі Самарадан келе жатса, екіншісі қарсы бағытқа бет алған. Әйел адам айдаған «ВАЗ-2114» автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, соқтығысқан.
Махамбет ауылдық округінің әкімі Болатбек Ахметжановтың сөзіне қарағанда, жүргізушіге қоса сол көліктегі тағы үш әйел көз жұмған.
Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.