БҚО-да жол апатынан жолаушы қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 20 тамыз күні кешкі сағат 21.00 шамасында Тасқала ауылына қарай келе жатқан 1990 жылғы жүргізуші «Лада 21905» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО-да жол апатынан жолаушы қаза тапты

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда,  соның салдарынан 1994 жылғы С. деген жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, сол күні Орал қаласында 1996 жылғы жүргізуші автокөлік руліне ие бола алмай, Жайық өзеніндегі көпірдің қоршауына соғылып, көз жұмған еді.