21:05, 23 Маусым 2025 | GMT +5
БҚО-да жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші мерт болды
ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында жүк көлігі пойызбен түйісті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 23 маусым күні шамамен сағат 13.30-да ауыл шетінде болды.
- Теміржол өткелінде 1958 жылғы жүргізуші Shacman көлігімен жүк пойызын өткізбей, түйіскен. Соның салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен жасөспірім қыздың көз жұмғанын жазған болатынбыз.