12:48, 07 Маусым 2018 | GMT +5
БҚО-да жүк көлігінің тауар тиелген тіркемесі жанып кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жүк көлігінің тауар тиелген тіркемесі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Самара-Шымкент күре жолының 389-шақырымында Сырым ауданы аумағында жүк көлігінің тіркемесі жанғаны жөнінде хабар 6 маусым күні сағат 12.20-да түскен.
Өртті сөндіруге 2 техника мен жеке құрамнан 10 адам жұмылдырылды. Өрт 15.15-те оқшауланып, 18.50-де сөндірілді.
Қазіргі кезде келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда.
Сырым аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы Ерген Тасқалиевтің нақтылауынша, Түркиядан Бішкекке бара жатқан жүк көлігінің тіркемесінде 15 тоннадай киім-кешек тиелген. Жүк түгелдей отқа оранды.
Иллюстрациялық фотосурет