БҚО-да «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 47 млн. теңге қолды болған

ОРАЛ. 7 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өрескел заңбұзушылықтар анықталып отыр.
None
None

Бұл туралы БҚО прокуратурасының алқа отырысында прокуратураның басқарма басшысы, кіші әділет кеңесшісі Аслан Жаңатауов «Жұмыспен қамту - 2020» бағ­дар­ламасының өткен жылы және осы жылдың төрт айы ішінде жүзеге асырылуы, білім беру мен денсаулық сақтау басқармасындағы мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуы жөнінде баяндама жасаған кезде мәлімдеді. Заңбұзушылықтар ішін­де жалған жұмыс орындарын жасау, 5 миллион теңге мемлекет қаржысын тиімсіз пайдалану, бағдарлама аясына кірмейтін жеке тұлғаларға үй беру және басқалары бар. Мұндай олқылықтар, әсі­ресе, Ақжайық, Теректі, Бөкей орда­сы, Қаратөбе, Қазталов, Шың­ғырлау ау­дан­дарында және Орал қаласында көп. Мысалы, Бөкей ордасы ауданында шаруа қожалығының иесі бір адамды әлеумет­тік жұмыс орнына «қабылдап­ты». Сөйт­се, оның аталмыш бағдарла­ма­ға орай құжаттарын ұсынбағаны өз ал­дына, сол қожалықта жұмыс та істе­меген әрі 2011 жылдан бері Тасқала ау­данында тұрып келеді. Тағы бір мысал. Өткен жылдың шілде айында стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша ЖОО бітірген бір жас жігіт Шыңғырлау ауданының Ақбұ­лақ ауылдық округіне тәжірибеден өтуге жіберіліпті. Әлгі жас маман сол жыл­дың қыркүйек айында мемлекеттік органмен еңбек шартын бұзбай жатып, бас­қа бір ЖШС-ға жұмысқа кіріп алған. Со­лай бола тұрса да, Ақбұлақ ауылы әкім­дігіндегі жауапты тұлғалар аталмыш маманға өткен жылдың желтоқсанына дейін жалақы төлеген. Бұдан басқа өңір­де­гі несие серіктестіктерінің төңірегінде де былық көп. Қазірдің өзінде 47 мил­лион теңге мемлекет қаржысының қол­ды болғаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алу ісінде де ол­қылықтар жеткілікті. Мәселен, Ақсай тех­нологиялық колледжінің 369 студенті жылдық жоспарда белгіленген бағадан нарықтағы еттің қымбат болуына байланысты, оның орнына 25 күн бойы бұқ­тырылған қалбыр (тушенка) өнімін пай­далануға мәжбүр болыпты. Ал Орал қа­­ласы мен Теректі ауданының прокурорлары лауазымды тұлғалардың өздері­не жүктелген міндеттерді орындамай, мемлекеттік сатып алуға қатыспауына бай­ланысты мүгедектердің құқықтарын бұзғанын анықтады. Анықталған жағ­даяттарға байланысты заң орындары тиі­сінше шаралар қолданған.

Алқа отырысы соңында орын алған олқылықтар бойынша нақты шаралар қолдану жөнін­де шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар