БҚО-да жұмыссыздық 4,8, ал жастар арасында 4 пайызды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының 87 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
None
None

«Облыс тұрғындарының 87 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Оның 78 пайызы - ауылдық елді мекендерде. Газдандыру мәселесіне қатысты айтар болсам, тұрғындардың 92 пайызы көгілдір отынды қолданып отыр. Соның ішінде 84 пайызы - ауыл тұрғындары», - деді Н.Ноғаев.

Сонымен қатар әкімнің айтуынша, 2015 жылы 116 шақырым жолдар күрделі және ағымдық жөндеуден өткен. Мұнан бөлек, Шыңғырлау, Қаратөбе және Жаңақала аудандарының орталықтарына тас жабынды жолдар салған. Бұл жұмыс республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттардың есебінен жүзеге асырылған.

«Әлеуметтік салада жұмыссыздық 4,8 пайызды құрады. Орташа жалақы 116 мың теңге. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 2867 адам. 2005 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар 25 мың болса, елімізде жүзеге асып жатқан бағдарламалардың нәтижесінде, жаңадан ашылған кәсіпорындарға орналасқан жұмысшыларды ескере отырып 10 есеге азайды. Бұл жұмыстар ары қарай да өз жалғасын табады», - деді ол.

Н,Ноғаевтың сөзіне қарағанда, өңір жастары арасындағы жұмыссыздық 4 пайызды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар