БҚО-да жыл басынан бері мыңнан астам оқушыдан коронавирус анықталды

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, облыста пандемия басталғаннан бері барлығы 49 578 науқас анықталса, соның 9 221-і 2020 жылы, 30 849-ы 2021 жылы, 9508-і биыл тіркелген.
Күні бүгін 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 49 науқас ем қабылдауда. Соның 10-ы ауыр халде. Бұлардың үшеуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына, жетеуі инвазивті емес сондай құрылғыға қосылған.
Жыл басынан бері 39 науқас коронавирустан өмірден озды.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, облыс бойынша 271 867 адам (егілуге жататын тұрғындардың 65,6 пайызы) вакцинаның бірінші, 259 009-ы (62,4 пайызы) екінші компонентімен егілді.
Сондай-ақ 62 212 адам ревакцинациядан өтті. 10 398 адам Pfizer компаниясының екпесін салдырса, соның 384-і – жүкті, 4 606-сы – бала емізетін әйелдер, 5406-сы – жасөспірімдер
және екеуі – мүгедектер.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ревакцинациядан өткен адам саны 61 мыңнан асқанын жазған болатынбыз.