БҚО-да жыл қорытындысында 261 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді - Н.Ноғаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2015 жылдың қорытындысында 261 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
None
None

«Кәсіпкерлікте 39 800 субъекті тіркелген. Онда 108 мың адам қызмет атқарады. Кәсіпкерлікте көрсетілген қызметтерден жасалған жұмыстардың құны өткен жылдың 11 айының қорытындысында 461 млрд. теңгені құрады», - деді ол.
Облыс басшысының айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктерден алынған несиелерді субсидиялауға, кепілдендіруге, инфрақұрылымды дамытуға бөлінген қаражаттарды тиімді қолданудың нәтижесінде 3 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 17 мың жұмыс орны сақталды. «Сыртқы тауар айналымында 5,2 млрд. шартты бірлікті құрады. Соның ішінде экспорт 4 млрд. 400 млн., импорт 800 млн. теңге»,- деді Н.Ноғаев.
Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда құрылыс саласы 14 пайызға өсім көрсетіп, 76 млрд. теңгенің жұмыстары атқарылған. 2015 жылы Батыс Қазақстан облысына 240 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жүктелген. «Біз жылдың қорытындысы бойынша 261 мың шаршы метр баспана салып, 6 көп пәтерлі үйді пайдалануға бердік», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар