БҚО-да жылжарымдық мал азығы қоры жасақталды

ОРАЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жылжарымдық мал азығы қоры жасақталды.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Исмадияр Жұмабаевтың айтуынша, жылжарымдық тапсырма 1 млн. 420 мың тонна болса, ол 1 млн. 448 мың тоннаға немесе 102 пайызға орындалды. Қазталовтан (92,5 пайыз) басқа аудандардың бәрі көздеген межеден артығымен шықты.

Облыста биыл қыстаққа 412 мың ірі қара, 956 мың бас қой мен ешкі, 75 мыңдай жылқы, 3,5 мың түйе кірмекші.

Мал мамандарының пікірінше, алда қоянның қысы болғандықтан, оның шаруаларға оңай тимесі анық. Өңірде 1951-1952, 1963-1964, 1975-1976, 1987-1988 жылдардағы қоянның қысы аса жайсыз болғандықтан, мал баққан ағайын алдын ала қам жасауда.

Соңғы жаңалықтар