БҚО-да жыныстық зорлық-зомбылыққа барған ер адам тергелуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа барған ер адам тергелуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО-да жыныстық зорлық-зомбылыққа барған ер адам тергелуде

Зеленов ауданы Приурал полиция бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 желтоқсан күні Жамбыл ауылында орын алған. Сол ауылдың 33 жасар тұрғыны 2008 жылғы 4-сынып оқушысына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған.

Бұл мәліметті БҚО ІІД баспасөз қызметі растады. Қазіргі кезде қамауда отырған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.