БҚО-да зират ескерткіштерін қиратқан балалар болып шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратқан балалар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да зират ескерткіштерін қиратқан балалар болып шықты

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Дариға Мәжитованың айтуынша, Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратында ескерткіш белгілерді қиратқан 1 және 2-сынып оқушылары екендігі анықталды.

«Қазіргі кезде олардың саны нақтыланып жатыр. Анықталған балалар бойынша мәселе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Мәжитова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткенін жазған болатынбыз. Олар барлығы 14 белгіні қиратып, бүлдірген.