БҚО-дағы астықты өңір Зеленов ауданы ауыл шаруашылығы жылын жақсы аяқтап отыр

АЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында БҚО-дағы ең астықты өңір Зеленов ауданы ауыл шаруашылығы жылын жақсы аяқтап отыр.
None
None

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, ауданда биыл дәнді дақылдар егілген 166,9 мың гектардың әрқайсысынан 12 центнерден өнім алынды. «Жанғалиев» (басшысы А.Жанғалиев), «Достық» (В.Шевчук) шаруа қожалқытары әр гектардан сәйкесінше 21,7 және 21 центнерден өнім алды. Картоп өсірушілер арасында «Август» (200 ц/га, басшысы А.Мясников), «Дусупов» (150 ц/га, Т.Дусупов) алда болса, көкөністен «Урожай» (Л.Голубева), «Алтын» (Е.Насыров) қожалықтары сәйкесінше гектарына 231 және 311 центнерден айналдырды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау жалғасып келеді. Биыл тек егін шаруашылығы бойынша ғана 286,281 млн. теңге демеуқаржы төленді.

Мал шаруашылығымен айналысушылар да мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Айталық, асыл тұқымды ірі қара төлін алу құнын арзандату үшін 4,8 млн. теңге, сиырларды жасанды ұрықтандыруға 586 мың теңге, асыл тұқымды аналық малды ұстауға 2,8 млн. теңге, құрамажем алуға 188,879 млн. теңге берілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары 478 бас ірі қара сатып алды.

Соңғы жаңалықтар