20:00, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
БҚО «Дала дарындары» байқауының жеңімпаздары «Шабыт» фестиваліне қатысады
ОРАЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Дәстүрлі «Дала дарындар» облыстық шығармашыл жастар фестивалінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар белгілі болды.

Байқау қорытындысында әдеби шығармадан - Ләззат Шағатай, бейнелеу, сәндік қолданбалы өнерден - Аслан Серікбаев, көркемсөз оқудан - Нұрбол Асқаров, халық музыкасынан - Азамат Шынаров, домбырамен ән айтудан - Эльмира Таудаева, вокалдан - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінен құралған «Қорған» тобы, ұрмалы аспаптардан - Тимур Меңдіғалиев, үрлемелі аспапта ойнаудан Виталий Пархоменко бірінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар қараша айында өтетін халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысады.