12:50, 10 Қазан 2013 | GMT +5
БҚО-дан әскерге баратындардың алғашқы легі 25 қазанда аттанбақ
ОРАЛ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы күз бен қыста 800 жасты әскер қатарына алу көзделіп отыр.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Мұратбек Сәрсенғалиевтің айтуынша, алғашқы лек 25 қазанда Алматыға аттанбақ, 20 жас республикалық ұлан қатарында қызмет еткелі отыр. Сол секілді ішкі әскер, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің бөлімдеріне де жастар алынады. Қазіргі кезде әскерге шақырылушылар дәрігерлік комиссиядан өтуде. Бір айта кетерлік жайт, 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында дүниеге келгендерге қарағанда, 1994-1995 жылғылардың денсаулығы да жақсы, бой-салмағы да қалыпты. Комиссия олардың білімі мен мамандығы, әскери дайындығы мен адамгершілік-іскерлік қасиеттерін де есепке алатын болады.