БҚО экономикасына он айда 132,3 млрд. теңге инвестиция құйылды

ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда инвестиция көлемі 132,3 млрд. теңгені құрады.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, осы қаржының 66,0 %-ы - өнеркәсіпке, 12,2 %-ы - көлік және қоймалауға, 8,4 %-ы - жылжымайтын мүліктермен жасалатын жұмыстарға, 3,8 %-ы - кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке, 2,6 %-ы - білім беру, 1,2 %-ы - денсаулық сақтау саласына, 1,3 %-ы саудаға бағытталды.

Негізгі қаржыға қосылған инвестицияның қомақты көлемі: Бөрлі (56,8 млрд. теңге), Зеленов (30,1 млрд. теңге) аудандарына және Орал қаласына (28,8 млрд. теңге) тиесілі.

Соңғы жаңалықтар