БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Мерген Ильясұлы Магутов Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
None
None

8 қазан күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев жаңа басшыны ұжыммен таныстырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, М.И.Магутов 1971 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. Самара экономика институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1994 жылы Тасқала ауданы әкімі аппаратында референт болып бастаған. 1996 жылы сол аппараттың І санатты маманы.

1996-2000 жылдары - Тасқала аудандық салық инспекциясы бастығының орынбасары.

2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы.

2001-2002 жылдары - акцизделген өнімдердің айналымы мен өндірісін мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің Батыс Қазақстан облыстық аймақтық басқармасының бақылау бөлімінің бастығы.

2003-2005 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және жылу-энергетикалық департаменті жылу-энергетикалық кешені бөлімінің бас маманы.

2005-2007 жылдары - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті жылу-энергетикалық кешені бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы.

2008-2012 жылдары - Батыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жылу-энергетикалық кешені бөлімінің бас маманы.

2012 жылдан Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы даму бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар