13:30, 08 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО халқы 611 мыңнан асты
ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 611,3 мың адам тұрады.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 294,7 мыңы (48,2 %) - қала, 316,6 мыңы (51,8 %) ауыл тұрғындары болып отыр.
Облыс халқы жыл басынан бері 2971-ге, қала тұрғындары 4681 адамға көбейсе, ауылдықтар 1710-ға азайды.
Өңірде сәбидің дүниеге келу қарқыны да қалыпты. Айталық, биылғы тоғыз айда АХАЖ органдарында 8851 нәрестенің өмірге келгені тіркелген, бұл өткен жылғыдан 0,5 пайызға жоғары. Осы кезеңде 4500 адам қайтса, бұл өткен жылғыдан 87-ге немесе 1,9 пайызға кем.