02:24, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
БҚО халқы 618 мыңға жуықтады
ОРАЛ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының халқы 617,8 мыңға жетті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде 303,1 мың адам (49,1 пайызы) қалада тұрса, 314,7 мыңы (50,9 пайызы) ауылды мекендейді.
Өткен жыл ішінде облыс халқы 5228 адамға, әсіресе, қала тұрғындары 5952-ге көбейсе, керісінше ауылдықтар 724-ке азайды.
Бір жылда дүниеге келген 12431 нәресте тіркелді, бұл 2011 жылғыдан 4,5 пайызға көп. Мың адамға шаққанда туылғандар саны 20,21-ді (2011 жылы - 19,48) құрады. 6242 сәби (50,2 пайыз) Орал қаласында өмір есігін ашқан.
Өткен жылы облыс бойынша 5858 адам өмірден өтті, бұл 2011 жылғыдан 1,6 пайызға аз.