БҚО халқы 622 мыңға жуықтады

ОРАЛ. 21 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында халық саны 621,7 мыңға жетті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 307,3 мыңы немесе 49,4 пайызы қалада, 314,4 мыңы немесе 50,6 пайызы ауылда тұрады.

Жыл басынан бері облыс халқы 4077 адамға, соның ішінде қалалықтар 4216-ге өссе, ауыл тұрғындары 184 адамға азайды.

Биылғы сегіз айда 8350 нәресте дүниеге келді, бұл өткен жылғыдан 2,3 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар