11:45, 29 Наурыз 2013 | GMT +5
БҚО ІІД-нің полицейлері азаматтарды жол бойында қабылдауда
ОРАЛ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақжайық ауданында «Азаматтарды жол бойында қабылдау» іс-шарасы басталды.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, бүгін жол бойындағы қабылдау барысында аудандағы көлік жүргізушілер өз сауалдарына жауаптар ала алады. Қабылдау басталғалы 40 минуттың ішінде жол полициясы мамандарына шамамен 35 адам жүгінді. Көлік жүргізушілері сауалнамалар толтырып, көлікті тіркеуге қою, тіркеуден шығару, көлік жүргізу куәлігін ауыстыру және өзге де сауалдарға жауаптар алды.
Жол полициясының жол бойындағы қабылдауы 2012 жылы республикалық деңгейде екі рет өткізілген болатын. Облыс деңгейінде биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр.