БҚО: Қала түбіндегі Подстепный ауылында жаңа полиция бөлімшесі ашылды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданы Подстепный ауылында 29 желтоқсан күні учаскелік полиция бөлімшесі ашылды.
None
None

Теректіге қарағанымен, Подстепный Орал қаласына тиіп тұр әрі халықаралық маңызы бар күрежолдың бойында орналасқан, халқы да аз емес, округті 8861 тұрғын мекендейді. Сондықтан салтанатты рәсімге қатысқан Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев мұндай бөлімшенің маңызы зор екендігін, Елбасы тапсырмасына сәйкес ауыл тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жергілікті билік органдары мен тәртіп сақшыларының тығыз байланыста жұмыс жасай беретіндігін атап өтті.

БҚО ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Әбисатов қылмыс атаулыға тосқауыл қою үшін жеке құрамды өз міндеттерін адал орындауға шақырды.

Полиция қызметкерлері үшін қайтадан жөнделген ғимарат қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар