00:42, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
БҚО Кәсіпкерлер палатасында прокурор кабинеті ашылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО Кәсіпкерлер палатасында прокурор кабинеті ашылды.

Облыс прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің айтуынша, онда прокурорлар күн сайын кәсіпкерлерді қабылдайтын болады. Мұндай тәжірибе облыс орталығы ғана емес, аудандарда да қолданылмақ. Түйткілді мәселелер болған жағдайда кәсіпкер аталған кабинетке келіп, прокурордан құқықтық кеңестер ала алады.
Айта кетейік, биылғы жеті айда өңірде 134 кәсіпкердің құқығы қорғалды. 32 тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде 293 заңбұзушылық анықталды. Оларды жою бағытында 51 прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, 49 адам түрлі жауапкершілікке тартылды.