23:34, 13 Ақпан 2024 | GMT +5
БҚО-ның Ақсай қаласында бала ұрланды – fake
ОРАЛ. KAZINFORM – БҚО полициясы Ақсай қаласында бала ұрланды деген ақпаратты жоққа шығарды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ақсай қаласында бала ұрлады деген азаматтың суреті мессенджерлерде таралған.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Облыста бала ұрлау фактілері болған жоқ. Осыған байланысты полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салып, адамдарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің көз жұмғанын жазған болатынбыз.