БҚО-ның Ханкөл ауылына сапалы ауыз су келді

ОРАЛ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылында халықты сапалы ауыз сумен қамту жүйесі іске қосылды.
None
None

Салтанатқа қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың атап өткеніндей, 2010-2011 жылдары «Таза су» бағдарламасы бойынша өңірде 149 нысан аяқталды, ұзындығы 923,5 шақырым су құбыры салынды және қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде 147 мың адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2011 жылы облыста ұзындығы 192,7 шақырым болатын 11 нысан салынып, 25 мыңнан аса адам сумен қамтылды. Сондай-ақ осы жылы Қалдығайты, Үшағаш, Соналы елді мекендеріне газ құбырын тарту басталады. Сонымен қатар қазір Үшағаш ауылында жаңа мектеп ғимараты салынуда.

Соңғы жаңалықтар